АҚШ президенті Джо Байден жария гей Пит Буттиджичті транспорт министрі лауазымына ұсынған болатын. Жаңа президенттің шешімі туралы Буттиджич парақшасына твит жариялады.
«Қазір жаңа жұмыс орындарын ашып, климат мәселесін шешуге мән беретін кезең. Жаңа президент маған транспорт министрі лауазымын ұсынды. Бұл мен үшін үлкен құрмет», — дейді Пит Буттиджич жазбасында.
Егер Пит Буттиджич министр болып тағайындалса, федерал министр қызметіне келген алғашқы гей болмақ.
2011 жылдан бастап Пит Индианадағы Саут-Бенд қаласының мэрі болған. 2014 жылы 7 ай демалыс алып, контртеррористік топта қызмет істеген. Саяси ортада Пит Буттиджич те Джо Байден секілді демократ.