Қазақстанда алғаш рет Tez tap деп аталатын қазақ тіліндегі үстел ойыны жарық көрді.
“Бұл ойынды құрастыру туралы ой осыдан 5-6 жыл бұрын пайда болған. Ол кезде біз достарымызбен қағазға сөз жазып ойнайтынбыз. Ал биыл досым екеуміз Tez tap ойынын шығардық”, — дейді идея авторы Дана Абай.
Оның сөзінше, бұл ойын құралдарының дизайны мен іске асуына дейін толығымен Қазақстанда жасалынған. Мұндай ойын түрлерін келешекте де шығару жоспарда бар екен. Енді отандық үстел ойынымен отырыстарды қызықты өткізуге болады.
Ойын шарттары мынадай:
Ойыншылар жұпқа бөлініп, бір-біріне картадағы сөздерді 1 минут ішінде жасырады. Табылған сөздердің санына қарай жұпқа ұпай беріледі. Ең көп ұпай жинаған жұп жеңеді.
Сөз түсіндірудің үш тәсілі бар. Соған байланысты ойынның үш кезеңі бар:
1. Кез келген сөздермен түсіндіру (түбірлес сөздер мен аудармадан басқа)
2. Бір ғана сөзбен түсіндіру
3. Мүлдем сөзсіз, тек қимылмен түсіндіру керек.
2, 3-кезеңдерде тек 1-кезеңде ойнатылған карталар ғана қолданылады. Яғни, бір рет түсіндірген сөздерді келесі кезеңде жаңа тәсілмен (бір сөзбен, қимылмен) түсіндіру керек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram