Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова әдемі жібек көйлектің үстінен алтын жағалы жилет киіпті. Қара түсті осы жылы біраз жұлдыз мерекелік түс қылып таңдаған екен. Әсіресе, қара түс 40+ ханымдар үшін жақсы таңдау.
View this post on Instagram
Баян Мақсатқызы да ашық түс емес, қоңыр металлик көйлек таңдапты. Көйлегінің фасоны әдеттегідей продюсердің қыпша белін әдемі айшықтап тұр. Мұндай ашық иықты ханшайым көйлегі барлық фигура типтеріне жарасады.
View this post on Instagram
Қара түсті жастар да таңдаған. Мысалы, Аша Матайдың таңдауы дене бітімінің артықшылығын айқындайтын көйлекке түсіпті. Велюр мата кешкі образдарды одан сайын сәндірек етеді. Ал бел тұсындағы баска белді визуал түрде жіңішке етеді. Өте жарасымды фасон.
View this post on Instagram
Ал енді ашық түсті образдарға тоқталсақ. Динара Қырықбаева бұл ретте романтикалық стиль таңдапты. Өткен жылғы тренд dust pink түсіндегі жібек көйлегі мен сыртындағы органза жилеті үйлесімді әрі жинақы көрінеді. Мерекелік “шикты” жилетіндегі қауырсындар айшықтап тұр.
View this post on Instagram
Әнші Луина “сиыр жылын қызыл түсті киім киіп қарсы алмаған дұрыс, жамандық алып келеді” деп ойлайтын ырымшылдар қатарынан емес екен. Жаңа жылдық образын батыл түрде таңдаған: қызық түс әрі ашық фасон. Өткен жылы ана атанған жұлдыз тез қалпына келіп, жарқырап жүргені, әрине, қуантады.
View this post on Instagram
Шолуымызды жаңа жылдық кеште аса сәнденбей, барынша релакс күйде өткізген тележүргізуші Динара Сатжанның образымен аяқтасақ. Ақ халат киген сәнқой Динара ханым басқаларға “уайымға беріліп қажеті жоқ” деп тұрғандай. Әрине, жаңа жыл деген тек сән мен мереке емес, өзіңе есеп беру, келер жылға мақсат қою. Сондықтан, жұлдызды қолдаймыз!
View this post on Instagram
Жаңа 2021 жыл баршаға құтты болсын!