Краш (ағылш. тілінен crush — ұнату) — ұнайтын адамға берілетін атау. Жастар сленгінде бұлай көбіне жасырын не жауапсыз ғашық болу объектісін атайды.
Қазір «краш» сөзі TikTok-та ғана емес, Twitter және Instagram әлеуметтік желілерінде жиі қолданылады. Бұл сөзбен қатар «шипперить», «вайб», «сасный» сияқты сленгтер кеңінен тарап жүр.
Twitter-де «краш» сөзі көбіне әртүрлі мем форматында ұсынылады. Ал TikTok әлемінде краш-роликтер өте көп. Мұнда жастар ұнайтын адамдары туралы қысқа видео түсіріп, арнайы хэштегпен жариялайды.