Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Әлемдегі миллиардер спортшы Тайгер Вудс жол апатына ұшырады

by Opa Media
26.02.2021
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Әлемдегі бірінші миллиардер спортшы Тайгер Вудс Лос-Анджелестегі Ранчо Палос Вердес маңында жан түршігерлік жол апатына ұшырады. Көлігі шұңқырға ұшып барып, аударылған екен. Оқиға орнына келген құтқарушылар спортшыны қираған жол талғамайтын көліктен гидравликалық қайшы көмегімен шығарып алуға мәжбүр болған. Апаттың нақты неден болғаны әлі анықталуда — басқа көліктің қатыспағаны белгілі.

Тайгер тірі қалған, бірақ аяғы қатты жарақатталған. Ол бірден осыған дейін өзі ота жасатқан Харбор — UCLA медицина орталығына жеткізілді. Аурухананың бас дәрігері Аниш Махажан мән-жайды былай деп түсіндірді:

“Тайгер Вудстың оң аяғы қатты жарақатталған.  Асық жілік сүйек пен соның шыбығы сынған. Жілік сүйекке арнайы таяқша салынды. Жағдай одан әрі күрделенуі мүмкін, себебі жақында спортшы омыртқасына ота жасалған. Жүйкені қысып тұрған омыртқа аралық дискінің бір бөлігі алынып тасталған болатын”.

Тайгер Вудс  жол ережелерін бұрыннан жиі бұзатын. Спортшы 2009 жылы да апатқа ұшыраған, 2017 жылы болса, көлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталған. Кейінірек Тайгер бұл кінәсін мойындаған болатын.

Tags: жол апатымиллиардер спортшыТайгер Вудс

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС