Эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова қызының сурет-видеоларын желіде жиі бөлісіп тұрады. Бұл жолы Мерей Заманбек анасымен бірге TikTok түсіріпті. Видеоны халық әртісі желідегі парақшасына жүктеген.
Видеоға Мақпалдың оқырмандары “Мерейка, не істесе де жарасып тұр, тәтті қыз. Алла бақ берсін”, “Не деген би, не деген дуэт” деп жазып аналы-перзент қарым-қатынасына қарап сүйсінді.
@merey.zamanbek😘😘👍👍 #fyp #mother♬ Heartbreak Anniversary — Marc Daniel Bernardo
Мерейдің TikTok-та 12,7K оқырманы бар. Желідегі парақшасына өтсек, бұл видеоға көпшілік “Мақпал — өте керемет ана”, “Анаңыз екеуіңіз аумай қалыпсыздар”, “Әкесінің көзі”, “Тәтті қыз, аман бол” деген пікір қалдырған.