Ninety one тобының экс-мүшесі A.Z. (Азамат Зенкаев) жаңа бейнебаян шығарды. Топтан кеткен рэпер шығармашылығын тоқтатпай жаңа әндер шығарып, тыңдарманын қуантып жүр. Алғашқы бейнебаяны “Өй де” деген әнге түсірілген. Instagram желісінде A.Z бейнебаянды жасауға атсалысқан ұжымға алғысын білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бейнебаян түсірілген алаңдыосы уақытқа дейін Ерке Есмаханның Instagram stories-нан көрген едік. Осыны байқаған иглз “Жаным Еркеге дей салсай, ұжым демей”, “Еркемен дуэт па десем”, — деген пікірлер қалдырған. Жаңа туындыларын күткен жанкүйелері ыстық махаббатын білдіріп, қайта оралғанына қуанышты екенін айтты.