Сара Амангелді Instagram парақшасына бет күтімі жайлы ролик салып, сұлулығымен мақтанды.
Отандық косметика дүкенінің жарнамасына түскен әнші енді халықаралық бьютикомпанияларды таныстыратын өкіл болғысы келетінін айтты.
“Мен халықаралық бьюти компаниялар бейнесі болуға дайынмын. Оны осы роликтен байқасаңыздар болады. Тұнып тұрған табиғи сұлулық пен балғын тері, бота көз ғой”, — дейді әнші әлеуметтік желі парақшасында (автордың орфографиясы сақталған).
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараның бұл талпынысын фоллоуерлері де қолдап, сұлулығына тамсанып жатыр. Кейбірі әншінің жарнама жасау тәсіліне таңданып, “Жарнаманы өлтіреді екенсіз” деген пікір қалдырған.