Шотландия парламенті менстурация кезінде гигиена құралдарын тегін беруді қамтамасыз ететін заң қабылдады. Бұл туралы премьер-министр Никола Стерджен Twitter-де хабарлады.
«Шотландия дүниежүзіндегі менстурация құралдарын тегін тарататын алғашқы ел атанды. Мұндай жаңашыл жобаға дауыс бере алатынымды мақтан тұтамын. Бұл әйелдер мен қыздар үшін маңызды саяси шешім”. – дейді Шотландия үкімет басшысы.
Заң бойынша дәріханалар, жастар клубы мен басқа да қоғамдық орындар қажет гигиена құралдарымен қамтамасыз етілу тиіс. Құжат жобасының қалай іске асырылатыны әлі белгісіз. Жаңа ереже екі жыл көлемінде іске қосылады.
Зерттеу нәтижесі бойынша, Ұлыбританиядағы 14-21 жас аралығындағы 10% қыздар менстурация кезінде қажет гигиена құралдарын сатып ала алмайды. Ал 15%-ы сатып алуға қиналатын көрінеді.