1 желтоқсан — Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. Осыған орай Элтон Джонның қоры мен TikTok біріккен жаңа жоба бастады.
25 қарашада TikTok-та СПИД-ке қатысты арнайы сауалнама пайда болды. Элтон Джон бастаған көптеген жұлдыздар көпшіліктің қауіпті вирус туралы білім деңгейін көтеру үшін арнайы трансляция өткізуді қолға алды.
Музыканттың TikTok парақшасындағы белсенділер қатарында Рина Саваяма, Сэм Фендер мен Сэм Смит бар.