Испаниялық сарапшылар 200 адам қатысқан ғылыми зерттеу нәтижесінде коронавирус жұқтырған пациенттердің 82 пайызында Д дәрумені жетіспеушілігін анықтаған.
«Мамандар бұл ерекшелікті жұқпалылықтың жоғарғы деңгейімен байланыстырып отыр», — деп хабарлайды EVO-RUS.COM ақпараттық порталы.
Ғалымдар мәліметіне сүйенсек Д дәрумені жетіспеушілігі әйелдерге қарағанда ерлерде көп байқалады. Мамандар дәруменнің иммунитетті көтеріп, ағзаның коронавируспен күресу деңгейін арттыратынына сенімді. Сондықтан, ағзадағы Д дәрумені мөлшері төмендеген жағдайда дереу емделуге кеңес береді. Әсіресе, созылмалы ауыруы бар қарт адамдарға абай болған жөн. Әзірге мамандар ағзадағы бұл дәрумен мөлшері мен коронавирустың асқыну деңгейі арасында қандай байланыс барын таппай отыр.