Әртүрлі себептерден түннің кез келген уақытында оянып кететін кездер болады. Жазда ұйқысыздық көбінесе күннің ыстығынан немесе таңның ерте атуынан болады. Кейде басқа себептер бар: мазасыздық, стресс, артық тамақтану. Harper’s bazaar бірнеше минут ішінде тез ұйықтауға көмектесетін 4 тиімді әдісті ұсынады.
- Миды шынықтырудан аулақ болыңыз
Күнді жоспарлауға, жұмыс немесе оқу туралы ойлануға болмайды. Түнде оянып кеткенде, смартфонды ермек етуге асықпаңыз. Төсектен тұрмауға тырысыңыз. Мысалы, жақындакөрген фильм немесе оқыған кітабыңыздың бір бөлігін елестетіңіз. Болмаса белгілі әдісті қолданыңыз: қойларды санаңыз.
- Ұйқыға арналған тыныштандыратын спрейді қолданыңыз
Өзіңізге ұнамды, мәселен, лаванда иісі барын таңдап, спрейді жастыққа шашыңыз. Түні бойы емдік хош иісін шығаратын өнім тыныш ұйқыңыздың себепшісі болады. Мезгілсіз оянудың да алдын алады.
- Медитация жасап көріңіз
Түнде оянып кеткенде “енді ұйықтай алмаспын” деген ой мазалайды. Мезгілсіз сергектік көбінде негативті ойлардан пайда болады. Мұндай жағдайда стресстен арылудың бірден-бір жолы — асықпай, дұрыс тыныстау. Ол да көмектеспесе, ең соңғы амал — релакс күйіңізді бұзбайтын, баяу әдемі әуен қою.
- Ұйқы маскасы мен құлаққап (Earplug) қолданыңыз
Ұйқы маскасы таңертеңгі жарықтан оянып кетпеуге көмектеседі. Ауа өткізетін, табиғи материалдан тігілгенін таңдаған жөн. Ал көршілерден немесе көшеден шыққан шудан үнемі оянатын адамдарға жарайды.