Қазанда Aimé Leon Dore мен New Balance бірігіп, жылдың бас коллаборацияларының бірін жасады. Атақты 550 моделін төрт түсте қайта шығарған болатын. Барлық кроссовкалар сатылымға шыққан сәтте-ақ сатылып кетті.
Екі айдай уақыт өткен соң New Balance атақты өнімін қайта шығаратынын хабарлады. Aimé Leon Dore-сыз шығаратын бұл жолғы моделі екі түсте болады: қызыл-қара және қара-көк түсте.

New Balance 550 моделі желтоқсанның басында сатылымға шығуы мүмкін.