Америка құрама штатының соты Мұхтар Әбләзовтың ісі бойынша шешім шығарды. Сонымен қатар, БТА Банкке 218 млн доллар қайтарылатын болды
«Сот процесінде БТА Банк Мұхтар Әбләзовтың қолымен жасалған алаяқтық пен ақшаны жылыстату схемасының дәлел-дәйегін келтірді. 2009 жылы БТА Банк ірілігі жағынан Қазақстандағы үшінші банк болатын. Әбләзовпен жасалған миллиардтаған ұрлық банкті ұлттандыруға әкеліп соқты. Қазақстандықтар үшін бұл 1 млрд долларға түсті. Жауап беруші тарап Triadou SPV — Әбләзовтың күйеу баласы Ілияс Храпунов бақылайтын жалған компания. Ол компания БТА Банктен ұрланған 70 млн долларды алып, Нью-Йорктегі, АҚШ-тағы мүліктерге инвестиция ретінде салған», — деп хабарлады БТА Банктен.
Алқа билер Triadou компаниясы Әбләзов БТА Банктен жымқырған қаражатты саналы түрде жылыстатты деген шешімге келген.