Белгілі вайнер Мейіржан Төребаевтың тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа ауыстырылды. Ендігі сот отырсы Сот отырысы 2023 жылдың 9 қаңтарына белгілеленді. Істі Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Кәмшат Саурова қарайды.
Сотта 12 адамға қатысты іс қаралып жатыр. Айыпталушылар қатарында Алмас Құрманғалиев, Руслан Бұрқанов, Дания Рахимова, Андрей Ча, Тимур Рүстемов, Самат Қасенов, Нұрлан Сұлтанбаев, Біржан Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансұровтар және вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар.
Ал тағы екі айыпталушы Ораз және Саидбаевқа халықаралық іздеуге жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кеше Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алынған. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі былай себебін түсіндірді.
Айта кетейік, блогер, актер Мейіржан Төребаев Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құруға қатысы бар деп айыпталып отыр. Жуырда оны және тағы бір блогер — Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі сот санкциясымен қзартылған болатын.