Louis Vuitton ерлер киімі коллекциясының көркемдік жетекшісі Вирджил Абло кроссовкалардың бұл моделін алғаш рет 2018 жылы ұсынғанды. Содан бері бұл аяқ киім әр маусымда әртүрлі түстермен шығып отырды. Биыл Louis Vuitton ақ түсті кроссовканың ашық қызыл жиекпен жаңартылған нұсқасын ұсынды.
Louis Vuitton жаңа кроссовкасының моделі Боно мен Бобби Шривер 2006 жылы құрған СПИД-ке қарсы жаһандық ұйымды (RED) қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Louis Vuitton (RED) аяқ киімі 1 желтоқсан — Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы халықаралық күрес күнінен бастап сатылымға шығады.