Dior сән үйі AirPods Pro құлаққабына арналған жаңа кейсін таныстырды. Кейстің сырты атақты көк жаккарда матасымен қапталған. Dior-дың мононаммасымен безендірілген. Қысқа қара бауы арқылы кейсті Dior 30 Montaigne сөмкесіне іліп, толық комплект жасай аласыз. Кейсті бөлек әшекей ретінде де қолдануға болады.
Dior-дың ресми парақшасындағы бұйымның бағасы 500 доллар(211 500тг). Бұл Apple-дің ең соңғы модельдегі құлаққабынан екі есе қымбат баға.