Vogue сән журналының мұқабасында 127 жыл ішінде алғаш рет әйел киіміндегі ер адам суреті жарияланды.
Жаңа нөмірдің кейіпкері ретінде британиялық эстрада әншісі, актер Гарри Стайлс таңдалды. Басылымдағы суреттерде әртіс классикалық костюм, сондай-ақ, әйелдердің неше түрлі сәнді көйлектері мен, белдемшелерін киіп түскен.
Vogue журналының бұл өзгерісі бәріне бірдей ұнай қоймаған. Кейбір желі қолданушылары наразылығын білдіріп, мұны қатаң сынға алды.
Гарри Стайлсқа келер болсақ, бұл оның әйел киімін алғаш киюі емес. Бұған дейін әртістің Guardian Weekend журналының мұқабасында жапондық Commes Des Garcons брендінің қара көйлегінде түскен суреті көптің назарын аударған еді . Сондай-ақ, Стайлс 2019 жылы жеміс-жидек принті бар маникюрін көрсеткен.
Көпшілік Vogue-тің бұл әрекетін миллениалдар мен олардың гендерлік құндылықтарын қолдау деп түсінді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram