Геннадий Головкин мен польшалық боксшы Камил Шеремета арасындағы жекпе-жек АҚШ-та 18 желтоқсанда өтпек. Бұл туралы промоутер Эдди Хирн IFL TV-ға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды sports.kz
Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Головкин мен Шеремета Сан-Антониодағы Alamodome залында жұдырықтасады. Бір күннен кейін сол қалада Сауль Альварес пен Каллум Смиттің жекпе-жегі өтеді.
Бастапқыда Головкин-Шереметтің шаршы алаңға шығуы 2020 жылдың басына жоспарланған. Бірақ Геннадийдің жарақаты мен COVID-19 пандемиясына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.