Sharjah Sports TV-дің хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірліктерінің «Аль-Айн» клубы Исламханға қатысты Азия футбол Конфедерациясының шешімін күтіп отыр.
Клуб жетекшілері ресми мәлімдемесінде Исламханмен келісімшарт әлі бұзылмағанын айтқан. Сондай-ақ, оның орынына әзірге басқа ойыншы іздемейтіні туралы да хабарлаған.
Бұдан бұрын, Азия Чемпиондар Лигасы кезінде Бауыржан Исламхан тапсырған допинг-сынақта футболшының ағзасынан тыйым салынған препарат табылған. Енді спортшы алты ай ойыннан шеттетілуі мүмкін.