10 желтоқсанда әлем чемпионатының 1/4 финалының финалдық ойыны өтті. Марокко 2022 жылғы әлем чемпионатында Португалияны жеңіп, тарихқа енді.
Португалия мен Марокко арасындағы кездесуде ойын марокколықтардың жеңісімен аяқталды. (1:0)
Бұл португалиялық ұлы, даңқты футболшы – Криштиану Роналдудың соңғы Әлем чемпионаты болуы ықтимал.
38 жастағы шабуылшы бұған дейін сұхбатында егер әлем чемпионы болса, карьерасын аяқтайтынын да айтқан еді. Бүгінгі ойыннан кейін көз жасына ерік берген Роналду алаңнан кетіп қалды. Содан кейін, ол өзінің Instagram желісінде арнайы жазба қалдырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Футболшының жанкүйерлері оған қолдау біліріп, тарихта ең мықты болып қалатынын айтты.