Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Ирандық шахматшы Сара Хадем Алматыдағы әлем чемпионатында орамалсыз келді

by Opa Media
29.12.2022
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Иранның Хабарварзеши мен Этемад ақпарат агенттіктері Сара Хадемнің Алматыда өткен ФИДЕ рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында Ислам республикасының қатаң дресс-кодына сәйкес әйелдер үшін міндетті болып табылатын хиджабсыз, орамалсыз бақ сынағанын хабарлады.

Шахматшы елде үкіметке қарсы жаппай наразылықтар басталғаннан кейін жарыстарға хиджабсыз келген бірнеше ирандық спортшылардың бірі болды. Иран агенттіктері жариялаған суретте Сара Хадемнің басын ашып ойнап тұрғаны көрсетілген. Хадемнің Instagram парақшасында турнирге қатысты ешқандай түсініктеме немесе хабарлама болған жоқ.

Иранның «Хабарварзеши» агенттігі өз басылымында Сара Хадем Алматыдағы әлем чемпионатынан кейін Иранға оралуды жоспарлап отыр ма деген сұрақ мазалауда.

Халықаралық шахмат федерациясының мәліметі бойынша, 1997 жылы туған Сара Хадем (толық аты-жөні Сарасадат Хадемальшарие) FIDE әлемдік рейтингінде 804-ші орында тұр.

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС