Топтық кезеңде мадридтік “Реал” Донецк “Шахтерынан” екі мәрте жеңіліп қалды. “Реал” командасының бас бапкері Зинедин Зидан отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді.
Испаниялық Marca баспасы Зиданның мынадай сөзін келтірді:
«Отставкаға кету ойымда жоқ. Біз ойын нәтижелеріне қатысты қиын кезеңдерді өткердік. Амал жоқ, осылай болды, енді әрі қарай жылжуымыз керек. Бүгін финал болатынын біліп, жақсылап дайындалдық. Бірінші тайм жақсы өтті, бірақ гол соға алмадық. Енді бір матч қалды, оны жеңуіміз керек”.
Еске салсақ, Чемпиондар лигасында “Шахтер” футбол клубы өз жерінде өткен ойында “Реалды” 2:0 есебімен жеңген. Оған дейін Мадридте болған ойында “Реал” “Шахтер” құрамасынан 3:2 есебімен жеңіліп қалды.