Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5 турында “Ювентус” футбол клубы “Динамоны” 3:0 есебімен жеңді. Гол авторларының бірі Криштиану Роналду өз мансабындағы 750-ші голын соқты.
“750 Гол, 750 бақытты сәт, 750 жанкүйердің жүзіндегі күлкі. Осы керемет санға жетуге көмектескен ойыншылар мен жаттықтырушыларға алғыс білдіремін. Үздіксіз көп жаттыққаныма себеп болған қарсыластарыма рақмет!”, -деді футбол twitter парақшасында.
Роналду соққан голдың басым көбі Мадридтің “Реал” футбол клубы үшін болған. Атап айтсақ, 750 голдың 450-і “Реал” құрамысында жүргенде салынған.
“Манчестер Юнайтед” сапында спортшы 118 голдың авторы атанды. Португалияның ұлттық құрамасы үшін Роналду 102 рет гол соққан. Сондай-ақ, оның есебінде “Спортинг” үшін де 5 гол бар. Қазір ойнап жүрген “Ювентус” құрамасында ол 75-ші голын соқты.
Сондай-ақ, Роналду Мессидің Чемпиондар Лигасындағы рекордын жаңартқан болатын. 35 жастағы Криштану Чемпиондар Лигасында өзінің 71-ші голын соғып, Мессидің көрсеткішінен асып түсті. Аргентина футболшысының активінде 70 гол бар.