Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

ДЕЙІН ЖӘНЕ КЕЙІН: 5 ОТАНДЫҚ СПОРТ ЖҰЛДЫЗЫНЫҢ ДЕБЮТІ МЕН БҮГІНІ

by nazerke
11.12.2020
Reading Time: 3 mins read

Динара Сәдуақасова facebook парақшасынан

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Атақты қазақстандық спортшылардың кәсіби жолы неден басталды? Дебюті есіңізде ме? Қазір немен айналысып жүр? Opa.kz редакциясы 5 отандық спорт жұлдызының мансап жолын зерттеп, “дейін-кейін-ТОП” жасады. Қызықтаңыз! 

  • Илья Ильин / ауыр атлетика

    2005/2020 жылы Илья Ильин

32 жастағы зілтемірші Илья Ильин 17 жасынан бастап төрткүл дүниеге таныла бастады. 2005 жыл алғаш рет ересектер арасындағы әлем жарысына қатысып, осы көрсеткіш бойынша Гиннесс рекордтар кітабына ең жас әлем чемпионы боп енді. 

Instagram-да Ильин өзінің 17-18 жаста әлем чемпионы атанған видеосын жариялаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Жетістіктері: Жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы, ересектер арасында төрт дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы. Екі салмақ дәрежесінде төрт әлемдік рекорд иесі. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

Ауыр атлетші допинг дауынан кейін 2008 және 2012 жылдары жеңіп алған екі алтын олимпиада медалінен айырылды. Биыл Илья Ильин кейінге шегерілген Токио Олимпиадасына қатыспайтынын айтып, спорттағы мансабын аяқтады. Қазір туған жері Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметін атқарып жүр. 

  • Зарина Дияс / теннис

    Зарина Дияс
    1. Фото: Getty Images/Matthew Stockman
    2. Фото @ZarinaDiyas instagram

27 жастағы танымал теннисші жасөспірім кезінен бері әлемдік деңгейдегі титулдарды бағындырып келеді. Алғаш 2008 жылы 14 жасында Зарина Дияс чехиялық Пршеровта RPM Junior Open жасөспірімдер арасындағы турнир жеңімпазы атанды. Кейін ECM Prague Open, Федерация Кубогында, US Open біліктілігінде жақсы нәтижелер көрсетті және Кремль кубогында жеңіске жетті. 

Жетістіктері: ITF турнирлерінің 9 дүркін чемпионы. WTA турнирінің жеңімпазы.  Биыл күзде » Ролан Гаррос » сапында жұптық сында өнер көрсетті. Қазақстандық теннисші қазір WTA әлемдік теннис рейтингінде 79-ші орында тұр.

  • Геннадий Головкин / бокс

Геннадий Головкин

Головкиннің әуесқой бокстағы мансабы ерте басталды. 18 жасында ол жартылай орта салмақта Будапештте жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанып үлгерді.  Кәсіби рингте болса, ол 2006 жылы орта салмақта дебют жасап, алғашқы 8 жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңіп алды.

Жетістіктері: IBF және IBO нұсқалары бойынша кәсіпқойлар арасындағы екі дүркін әлем чемпионы. Әуесқойлар арасында әлем чемпионы. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 2016 жылы Головкин «ең көп нокаутпен жеңіске жеткен боксшы» ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді. жасауда иегері атанды.

Айта кетсек, биыл 18 желтоқсанда Геннадий Головкин мен Камил Шеремета IBF және IBO титулы үшін жұдырықтасады.

  • Динара Садуақасова / шахмат

Динара Сәдуақасова facebook парақшасынан

Динара Садуақасова 11 жасынан бері ҚР Ұлттық құрамысының мүшесі. Алғаш XIII Халықаралық шахмат фестивалінде 1-ші орынды 7 жасында алды. Содан бері жасөспірімдер арасындағы турнирлердің бәрінде үздік атанып келеді. 24 жастағы Динара былтыр Англияда өткен Grand Swiss халықаралық турнирінде жеңіп, әлемдегі ең мықты шахматшылар арасында 11-ші орынға шықты. Бұл —қазақстандық әйелдер шахматындағы ең үздік көрсеткіш.

Жетістіктері:  әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер (2012). 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы. Азия Чемпионы (2019).  

  • Александр Винокуров / велоспорт

Александр Винокуров

47 жастағы Александр Винокуров мансабы КСРО кезінде басталды. Ол алғаш 21 жасында Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Испан, француз, неміс велоқұрамаларында өнер көрсетті. Кейін “Астана” құрамасының намысын қорғап, «Льеж — Бастонь – Льеж», «Швейцария Туры», «Дофине Либере», «Париж – Ницца» және Amstel Gold Race жарыстарында жеңіске жетті. Биыл спорттағы мансабын аяқтады. Қазір «Astana Pro Team» велокомандасының бас менеджері.

Жетістіктері: 2006 жылғы Испанияның Вуэльт жеңімпазы және 2012 жылғы Олимпиада чемпионы. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. 

Tags: Александр ВинокуровГеннадий ГоловкинДинара СәдуақасоваЗарина ДиясИлья Ильиншахмат

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС