Жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық Евгений Егембердиев Мәскеуде өткен АСА 115 аралас жекпе-жек турнирінде ағылшын Люк Барнатты жеңді, — деп хабарлайды vesti.kz.
Үш раундқа есептелген жекпе-жек біріншісінде-ақ аяқталды. Егембердиев қарсыласын қатаң нокаутқа түсірді. Енді қазақстандықтың есебінде 12 жеңіс, 3 жеңіліс бар. Бұған дейін 15 рет жеңген Люк Барнат осы жекпе-жекте оныншы рет жеңілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, осы шоу аясында тағы бір жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық Нұрсұлтан Қасымханов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы — ресейлік Әлихан Сүлейманов болмақ.