France football басылымы футбол тарихындағы үздік ойыншылардан құрама жасақтады. КСРО футбол құрамасының қақпашысы болған Лев Яшин ең үздік атанды.
Кеңес спортшысының кандидатурасына әлемнің түкпір-түкпіріндегі140 журналист дауыс берді. Бұған дейін Лев Яшинді FIFA 20-шы ғасырдағы үздік қақпашы деп таныған. Айта кетсек, Яшин — Футбол тарихында “Алтын доп” жеңіп алған жалғыз қақпашы.
Аты аңызға айналған футболшының мансабы 1950 жылдан 1971 жылға дейін жалғасты. “Динамо” командасы мен КСРО құрамында ойнады. Бес рет КСРО чемпионы атанды. Ел құрамасы сапында 1960 жылы Яшин Еуропа чемпионатын жеңіп алды.