Португал футболшысы Криштиану Роналду Golden Foot-2020 иегері атанды. Сыйлық жеңімпаздары Монте-Карлодағы Чемпиондар аллеясында өз аяқ іздерін қалдырады.
«Мен үшін Golden Foot марапатын жеңіп алу және Монакодағы чемпиондық променадта тарихтағы үздік футболшылармен қатар өз атымды мәңгі есте қалдыру үлкен мәртебе! Маған дауыс берген бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді», — деп жазды Роналду өзінің Instagram-ында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Марапат жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы бойынша футбол дамуына елеулі үлес қосқан ойыншыларға беріледі.
Осы жылы жүлдеге Лионель Месси («Барселона»), Роберт Левандовски («Бавария»), Серхио Рамос («Реал»), Артуро Видал («Интер»), Жерар Пике («Барселона»), Мохамед Салах («Ливерпуль»), Неймар («ПСЖ»), Серхио Агуэро («Манчестер Сити») және Джорджо Кьеллини («Ювентус») үміткер болды.