Джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы, әрі актриса Мөлдір Мекенбаева қара белбеу алды. Ол осындай нәтижеге жеткен қазақстандық спортшы қыздардың алғашқысы. Бұл қуанышты жаңалығын спортшы Instagram-да хабарлады.
Айта кетсек, Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсу спортына 18 жасында келген. Қысқа ғана уақытта екі дүркін әлем чемпионы атанып үлгерді. Сонымен қатар, өзін кино саласында да сынап көрген. Атап айтқанда, “Батырлар жолы”, “Путешественник. Начало” фильмдерінде басты рөлдердің бірін сомдаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram