«Барселона» футбол клубының президенті Жозеп Бартомеу қызметінен кетті. Ол өз командасының барлық негізгі менеджерлері, сондай-ақ, директорлар кеңесімен бірге отставкаға кетті.
Ресми хабарландыру Чемпиондар Лигасының матчы ортасында айтылды. 27 қазан таңертең Бартомеу отставкаға кетпейтіні жөнінде мәлімдеген болатын. Сол үшін де, жарты күннен кейінгі бұл хабарламаны көпшілік күткен жоқ.
57 жастағы Бартомеу алты жыл бойы Каталон клубының президенті болды. Жақында оның жұмысын жанкүйерлер мен футболшылар сынға алған болатын.
Бартомеудің президенттігі кезінде «Барселона» төрт рет Испания чемпионы және ел кубогының иегері атанды. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және Клубтық Әлем чемпионатын жеңіп алды.