Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов 27 қараша күні бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонмен жұдырық түйіседі. Алдағы болатын кездесу туралы спортшы әлеуметтік желі парақшасында хабарлады.
Matchroom Boxing промоутер компаниясының айтуынша, боксшылар IBF Intercontinental титулы үшін жұдырықтасады.
Данияр Елеусінов соңғы кездесуін 2019 жылдың соңында өткізген. Америка спортшысына қарсы жекпе-жекте қазақстандық спортшы жеңіске жеткен болатын.