2017 жылдан бастап Astana велокомандасына демеушілік ететін канадалық Premier Tec компаниясы енді оған жартылай иелік етеді. Premier Tech-тің бас кеңсесі Канадада орналасқан. 27 елде өндірістік зауыты бар компания болашақта бүкіләлемдік желісін Қазақстанмен байланыстырмақ ниетте екен. Айтқандай, велокоманда атауы енді Astana Premier Tech болып өзгереді.
Astana Pro Team- ды бұған дейін 100% «Самұрық-Қазына» Ұлттық әлеуметтік қоры қаржыландырған. Енді канадалық тұрақты демеушісі бар командаға отандық қордың қаржылай салымы екі есеге қысқаратын болады.
Велошабандоздар құрамасына келер болсақ, болашақта өзін-өзі қаржылай қамтамасыз ете алатын жағдайға жетуді көздейді екен. Бұған дәлел — команданың әлемдік UCI