Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі бесінші турда Албаниямен кездесіп, алаң ортасынан гол салды. Ерекше гол белгілі британиялық sportbıble спорттық басылымының назарынан да тыс қалмады.
“Қазақстандық Айбол Әбікен қақпашыны күтпеген жерден таңдай қақтырып, жылдың ең үздік голын соқты”, — деп жазды басылым.
Әбікеннің голын байқаған Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) да әлеуметтік желілеріне гол соққан видеоны жариялады.
Бірақ, ерекшелігіне қарамастан қорғаушының голы Қазақстанның Албанияны жеңуіне жеткіліксіз болды. Ойын соңында Қазақстан қарсы елден 3:1 есебімен жеңілді. Енді отандық құрама 18 қарашада өз алаңында Литваны қабылдайды.