Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Alibaba негізін қалаушы Джек Ма Қытайдан кетті

by Opa Media
01.12.2022
Reading Time: 1 min read

HANGZHOU, CHINA - AUGUST 28: Alibaba Group Chairman Jack Ma attends 2019 Global Conference on Women and Entrepreneurship on August 28, 2019 in Hangzhou, Zhejiang Province of China. (Photo by VCG/VCG via Getty Images)

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Alibaba негізін қалаушы Джек Ма Қытайдан кетті. Ол соңғы жарты жылдан бері Токиода тұрып жатыр. Бұл туралы Financial Times сайты хабарлады.

Токио орталығында отбасымен бірге тұратын Джек Маның қоғамдық қызметке араласуы сиреген. Дереккөз миллиардердің қазір немен айналысатыны жөнінде түрлі мәлімет келтіреді. Кейбірі оның Alibaba айналысатын электронды саудадан бөлек салаға қызығушылық танытып отырғанын айтады. Кейбірі коллекциялаумен айналысып, акварельмен сурет сала бастағанын жазды.

Қытай билігі технология компанияларына қысым жасап жатқан тұста Ма елінен кеткен. Кәсіпкер 2020 жылы Шанхайдағы конференцияда Қытай үкіметі шенеуніктерін сынап, «шалдар ойлап тапқан» реттеу шаралары заманмен үйлеспейтінін алға тартып, оларды «былық жасап жатыр», «банктердің мүддесін қорғады» деп сынаған.

2021 жылы сәуірде Қытай нарығын реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы Alibaba Group Holding Limited компаниясына «монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін» 18,2 миллиард юань (2,8 миллиард доллар) көлемінде айыппұл салды. Осынша көп айыппұл Қытайда бұрын-соңды ешбір компанияға салынбаған.

Реттеуші орган Еуропа нарығында AliExpress интернет-дүкені деген атпен танымал компанияны саудагерлерді бір платформада жұмыс істеуге мәжбүрледі деп айыптады.

Еске сала кетейік, Қытайдағы ең бай 100 қытайдың байлығы өткен жылы 39%-ға, яғни 1,48 триллион доллардан 907,1 миллиард долларға дейін қысқарды. Alibaba негізін қалаушының байлығы өткен жылғы 41,5 миллиард доллардан екі есеге дерлік қысқарды

Tags: AlibabaДжек МаҚытай

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС